Балаларға теріс діни білім берген ағымдар табылды

1 384

Фото: freepik.comАтырау қаласында қайырымдылық ұйымдарының бірі арқылы діни араздықты насихаттайтын әдебиеттің таратылғаны анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кәмелетке толмағандар арасында таратылған материалдар Қазақстан аумағында пайдалануға тыйым салынған.


«Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының шешімімен қайырымдылық мекемесі ҚР ӘҚБтК-тің 453-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 516 880 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Бұдан басқа, тиісті рұқсат құжаттарынсыз балаларды діни бағыттарда оқытып, пансионат ретінде қызметтерін атқарған. Осыған байланысты, қала прокуратурасының талап арызы негізінде 4 мекеменің мемлекеттік тіркеуінің күші жойылды, сонымен қатар барлық пансионаттар таратылды», - делінген прокуратура хабарламасында.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.