Өзбекстанда балалар вакцинациясы басталмақ

342
Өзбекстанның ұлттық техникалық иммунологиялық сараптамасы 12 жастан асқан балаларға Covid-19-ға қарсы Pfizer вакцинасын мақұлдады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

12 жастан асқан кәмелетке толмаған балаларды тек ата-анасының немесе қамқоршыларының рұқсатымен ғана вакцинациялауға болады. Балалар  алдымен медициналық тексерістен өтуі қажет. 12 жастан 15 жасқа дейінгі балалар қатысқан шетелде жүргізілген Pfizer вакцинасының клиникалық зерттеулерінің нәтижелері оның жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсеткен. 

Қыркүйек айының ортасында Өзбекстанға коронавирусқа қарсы Pfizer және BioNTech вакциналарының 1,2 миллионнан астам дозасы жекізілген еді.