Үй өртке оранып, ана мен сәби қаза болды

1 444

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметіҚайғылы жағдай Алматы облысы Кенен Әзірбаев ауылында болды. Таңғ уақытта бірден үш жеке тұрғын үй отқа оранды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Құтқарушыларға төтенше жағдай туралы хабарлама өрт шыққан соң бір сағаттан кейін түскен. 

Оқиға орнына 18 құтқарушы мен алты арнайы техника аттанды. Алайда олар жеткенше каркас-қамыстан салынған үйлермен бірге соларға жапсарлас қоралар да жалынға оранған еді. Отты ауыздықтау үшін қызметкерлер бірнеше бригадаға бөлінді. Өрт араға үш сағат салып толық сөндірілді. Қираған үйлердің бірінен анасы мен сәбиінің мәйіті табылды. Тағы бір адам қатты күйік алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. Олар өрттің себебін анықтауда.

“Оқиға туралы кеш хабарланғандықтан, өрттің ауқымы үлгеріп үлкейіп кетті. Сөндіру жұмыстары жоғары температура, қатты түтін және құрылыстың ерекшеліктеріне байланысты қиындай түсті. Сондай-ақ тар өткелдер мен бір-біріне тығыз салынған ғимараттар да қосымша қиындық тудырды”, – дейді Алматы облыстық ТЖД ресми өкілі Айгерім Қанабекқызы

Оның айтуынша, үйлер арасындағы қашықтық небәрі 1,5–2 метр болған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.