Ерлі-зайыптыларды ажалдан арашалап қалды

1 517

Фото: Zakon.kzАлматыда Әл-Фараби даңғылында Daewoo Damas маркалы жеңіл көлік толықтай жанып кетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қызыл жалын көлік қозғалып келе жатқан кезде тұтанған.

Жүргізушінің айтуынша, жолда келе жатқанда көлік кенеттен өше басталған. Ер адам көлікті жол жиегіне тоқтатуға тырысқан, алайда оған үлгермей, қозғалтқыш бөлігінен кенеттен қою түтін шыға бастаған.Жүргізуші бірден көлікті тоқтатып, өртті өрт сөндіргіштің көмегімен өз күшімен сөндіруге әрекет жасаған. Оған басқа жүргізушілер де көмекке келген.

Сондай-ақ сол маңнан су таситын көлік өтіп бара жатқан. Оның жүргізушісі де жалынды сумен өшіруге тырысқан. Алайда куәгерлердің барлық әрекетіне қарамастан, өрт өте жылдам тарап, көлікті толықтай шарпыған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін көлік түгел жанып кеткен.

Фото: Zakon.kzКөліктің ішінде ерлі-зайыптылар болған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.Оқиғаға байланысты Әл-Фараби даңғылының шығыс бағытындағы бөлігінде көлік қозғалысы уақытша қиындады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.