Стендаптан — изоляторға

1 545

Фото: https://www.instagram.com/zhu.standupСемейде стендап-комик пен ұйымдастырушы Әлібек Жұмабаев 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы қаулы шыққанымен, арнайы қабылдау изоляторында орын болмауына байланысты үйіне жіберілген,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 2025 жылғы 2 қарашада, шамамен сағат 21:00-де, Семей қаласындағы Момышұлы көшесі 31/33 мекенжайында орналасқан "Костер" мейрамханасында өткен стендап-концерт кезінде болған.

Комик Instagram парақшасында өзі туралы толтырылған хаттаманың суретін жариялаған. Құжатта Жұмабаевтың стендап-шоу барысында әдепсіз сөздер қолданғаны, сондай-ақ өз өнерінің бейнежазбасын әлеуметтік желіге жүктегені көрсетілген. Хаттамаға сәйкес, оның әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі бойынша "қоғамға құрметсіздік таныту" ретінде бағаланған.

 Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылар арасында әртүрлі пікір тудырды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.