Су тасқыны кезінде сауда орталықтары азық-түлік бағасын қымбаттатқан

1 560

Фото: ShutterstockАтырау облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын өсірген кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Облыстағы су тасқынына қарсы жедел штабтың мәліметінше, 2-8 сәуір аралығында бір сауда желісі мен бір бөлшек сауда субъектісі жауапкершілікке тартылған.

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы алдағы уақытта да бақылауда болады, бағаны негізсіз көтергендер жауапқа тартылады", – деді Атырау облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Әлем Уалиев.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.