10 жастағы қызға зорлық көрсеткен футбол бапкері ұсталды

1 168

istockphoto.comӘлеуметтік желіде футбол бапкерінің 10 жастағы қызға зорлық көрсеткені туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.


Ер адам кәмелетке толмаған қызға тиісіп, оны «кейбір жерлерден» сипауға мәжбүрлеген. Ол үшін ол қызды қонақүйге алып кетіп, кейін үй ауласына қайтарған.


Облыстық полиция департаментінде күдіктіні ұстау туралы ақпаратты растады.

"Кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді ведомствоның баспасөз орталығында.

Тергеу барысын облыстық ПД басшылығы қадағалап отыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.