Қазақстандық әйел белгісіз қосымша орнатамын деп 5 миллион теңгесінен айырылды

1 516

Фото: Polisia.kzОрал тұрғыны телефон арқылы жасалған алаяқтық схеманың құрбаны болған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, әйелге белгісіз адамдар телефон соғып, SMS кодын айтуын сұраған. Кейін олар қайта қоңырау шалып, өздерін банк қызметкері және Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі агенттігінің “мамандары” ретінде таныстырған. Алаяқтар “қаржыны қорғау” сылтауымен әйелге жасалып жатқан несие туралы айтып, операцияны тоқтату үшін арнайы қосымшаны тез арада орнатуды талап еткен.

WhatsApp арқылы жіберілген файлды орнатқан кезде қосымша жалған болып шыққан және алаяқтарға әйелдің телефонына қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік берген. Сол арқылы олар 5 миллион теңге сомасына несие рәсімдеп, ақшаны өз пайдаларына жұмсаған.

Осы тұста полиция қазақстандықтарға ескерту жасады:

Белгісіз адамдардан келген сілтемелер арқылы қосымша орнатпаңыз;

Ресми банк қосымшаларын тек App Store немесе Google Play арқылы жүктеңіз;

Мемлекеттік органдар мессенджер арқылы файл жібермейді;

Мұндай қоңыраулар кезінде сөйлесуді дереу тоқтатыңыз.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.