Көкшетаулық ер адам көлігінде уланып көз жұмды

315

Көкшетауда ер адам гаражда тұрған көлігінде уланып көз жұмды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Қайғылы оқиға 8 қарашада Көкшетау қаласында болды. Облыс орталығының 32 жастағы тұрғынының зорлық-зомбылық белгілері жоқ денесі гаражда тұрған көліктен табылды.

Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, ер адамның өлімі көміртегі тотығымен улану салдарынан болған.

Қазіргі уақытта полицейлер қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Полицейлер автокөлік жүргізушілерін қауіпсіздік шараларын ұмытпауға шақырады. Газбен уланудың алдын алу үшін автокөліктің шығару жүйелерінің дұрыстығын және олардың герметикалығын үнемі тексеріп отыру қажеттігін еске салады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.