ҚЫЗЫЛОРДАДА КӘРІЗ СУЫНА ТҰНШЫҚҚАН ТҰРҒЫНДАР НЕГЕ АЛАҢДАЙДЫ?
Қызылорда қаласындағы Титов қыстағында көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары мемлекет тарапынан берілген үйді кәріз құдығының суы басуда, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Айдың күннің аманында жаңа үйлердің жертөлелерін су басуда. 2016 жылы берілген үйдің бүгінгісі көңіл көнштіпей тұр. Кәріз құдығының суы тасып, өжіреге қарай беттеді. Апатты үйден арылып, жаңа үйге қоныстанған тұрғындар қайтадан «апатты үйге» айнала ма деп алаңдайды.
Тұрғындардың айтуынша төбедегі шатырлар ұшып, су ағарлар қирап үйлерге су кетіп жатыр. Жыл сайын қайталана беретін мәселемен күресуге қауһары қалмаған тұрғындар әкімдіктен араша сұрайды.
Ал өткен жылы тіпті кәріз суынан ақау орын алып тіпті су басып қалған, жіпке тізгендей болмайық. Әкімдік меншігіндегі үй ғой келіп, бақыласа болмай ма? Деген тұрғындар тиісті сала басшылары ат басын бұрып, жағдаймен танысса екен дейді. Сонымен қатар, қала аумағында Мемлекет басшысының тапсырған «Таза Қазақстан» акциясы көз көретін жерде ғана өткізіледі ме? Титов қыстағында ауада қалқыған пакеттерді аңғаруға болады.
Үйдің жертөлесіндегі жағдай, тіпті сорақы. Қолқаны алатын иіс пен дымқыл ауадан тұншығуға болады. Жертөленің іші су басқаннан кейінгі ылғалдылық танауыңды тесіп жіберердей. Қараусыз қалған бұл үй алдағы күндері апатты жағдайға түспесе игі.