Өскеменде егде жастағы ер адам оқушы қызға тиіспек болған

298

Фото: shutterstockӨскеменде ер адам үйдің кіреберісінде оқушы қызға жасалған шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

«Астана» телеарнасының хабарлауынша, бейнекадрдан қыз бала үйге кіре берген сәтте оның артынан ер адамның жүгіре жеткенін көруге болады. Бастапқыда телефонмен сөйлесіп тұрғандай кейіп танытқан күдікті есіктен кіріп үлгергенімен, артынша жылдам қаша жөнеледі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қаскөй қызға тарпа бас салып, қолымен аузын жаппақ болады. Дегенмен айқайлап үлгерген қыздың дауысына көршілері жүгіріп шыққан. Оны көрген ер адам жылдам қашып кеткен.

Оның нендей мақсатты көздегенін тергеушілер анықтайтын болады. Күдікті қамауға алынды.

«Аталған оқиға бойынша тексеру жүргізіліп, ер адамның жеке басы анықталды, ол 37 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тергеу амалдарын жүргізу үшін күдікті Өскемен қаласының полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек белгіленген тәртіппен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ШҚО департаментінің баспасөз қызметі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.