Кореялық дәрігер 9 жылдан бері Қазақтарға тегін ота жасап жүр

1 500

Фото: instagram jasalash.kzОңтүстіккореялық дәрігер Ким Бусоп 2018 жылдан бері еріктілер тобымен Қазақстанға келіп, тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетіп жүр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ким Бусоп – Оңтүстік Кореядағы Hyundae Hospital ауруханасының негізін қалаушы, травматолог-ортопед. Ол Қазақстанға 1937 жылы жер аударылған кәрістердің тарихын зерттей келе қызығушылық танытқан. Қазақ халқының сол кезеңде кәрістерді қабылдап, қолындағы барын бөліскені дәрігерге ерекше әсер еткен.
Осыған байланысты ол Қазақстанға 10 жыл бойы медициналық миссиямен келуге уәде берген. 2018 жылдан бері дәрігер жыл сайын шамамен 60 еріктіден құралған командамен келеді. Осы уақыт ішінде мыңдаған адам тегін медициналық көмек алып, жүздеген ота жасалған.
Миссия барысында хирургия, нейрохирургия, кардиология, гастроэнтерология және басқа да бағыттағы мамандар науқастарды қабылдайды.
Сонымен қатар Ким Бусоп қазақстандық дәрігерлердің біліктілігін арттыруға, студенттерді қолдауға, медициналық құрал-жабдықтар беруге және қазақстандық пациенттердің Кореяда ем алуына көмектесіп келеді.
Медициналық миссия әдетте жыл сайын шілде айында Талдықорғанда өтеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.