Қызылордада оқушылар төбелесіп, салдарынан 9-сынып оқушысы қаза болды

2 131

Фото: primeminister.kzҚызылорда облысында екі жасөспірім 9-сынып оқушысын өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қайғылы оқиға 18 мамыр күні Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты ауыл округтерінің бірінде болған. 9 және 11-сынып оқушылары төбелесіп, салдарынан соққыдан жасөспірімдердің бірі құлап, есін жоғалтқан.


Полиция департаментінің баспасөз қызметі жасөспірімнің өлімі туралы ақпаратты растады.


"Кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, екі жасөспірім күдікті ретінде ұсталып, қамауға алынды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер айтылмай отыр. Іс Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының бақылауында.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.