Полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтірген

1 282

Фото: gov.kzӨскеменде полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтірген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 18 қыркүйекте, шағын айналма жолда болған.

"ВАЗ 21140 маркалы жеке көлігін тізгіндеген полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті, ол жолды дұрыс емес жерде кесіп өткен", - деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды.

Сот алды тергеу жүргізіліп жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.