Мұғалім мен тіс технигі есірткі дайындаумен айналысып, куәгерді өлтірген
Ақтөбеде тарих пәнінің мұғалімі мен тіс технигі есірткі дайындап, куәгерлерін өлтіріп отырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ақтөбеде тарих мұғалімі және стоматологиялық кабинетте тіс технигі адамдармен сөз байласып, аса iрi мөлшердегі психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындаған және сақтаған.
Сонымен қатар мұғалім тіс технигіне қылмысты жасыру үшін куәларды өлтіруге тапсырма берген.
Танысы 2024 жылғы қаңтардаәкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған, сонымен қатар оның үстінен өткізу мақсатынсыз есірткі сақтау айыбымен қылмыстық іс қозғалған.
Мұғалім мен техник қылмыстары әшкере болады деп қорқып, ортақ танысты өлтіруге бекінеді. 13. қаңтарда сағат 17.00 шамасында олар сол танысын оңаша жерге алдап ертіп апарып, пышақтаған.
Соттың үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, оларға 19 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғандардан жәбірленушілер пайдасына әр қайсысынан 10 миллион теңге моральдық зиян үшін өтемақы өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.