Енді жолаушылар пойыздардың қай жерде келе жатқанын біліп отырады
Жолаушылар үшін пойыз қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылау қызметі іске қосылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушыларға арналған "Пойыз қозғалысының онлайн тақтасы" атты жаңа цифрлық сервисті қолданысқа енгізді. Енді жолаушылар нақты уақыт режимінде пойыздардың келу және кету уақытын бақылап, қозғалыс кестесіндегі өзгерістер туралы жедел ақпарат ала алады.
Аталған қызмет "Жолаушылар тасымалы" АҚ Ситуациялық орталығы аясында әзірленді. Орталық жолаушылар пойыздарының қозғалысын тәулік бойы бақылап, мониторинг жүргізеді. Пойыздарға орнатылған GPS-трекерлер деректерді автоматты түрде орталыққа жіберіп, пойыздардың орналасқан жерін дәл анықтауға және қозғалыс кестесін жедел жаңартуға мүмкіндік береді. Жаңа сервис жолаушыларға bilet.railways.kz ресми сайтында қолжетімді.
Пойыз қозғалысы туралы ақпарат алу үшін:
1. https://bilet.railways.kz (https://bilet.railways.kz/) сайтына кіру қажет.
2."Пойыз қозғалысының онлайн тақтасы" баннерін басу керек.
3. Картадан қажетті пойызды таңдау қажет.
4.Сондай-ақ, қызметке https://tablo-railways.kz/ru/ сайты арқылы да кіруге болады.
Tablo-railways.kz сайтында пойыз билеттерін онлайн сатып алу, электронды отырғызу талонын алу, орындарды талап-шағым бойынша қайтару, ағымдағы пойыздар кестесін қарау және жүктердің құнын есептеу сияқты қосымша қызметтер қолжетімді.