11-сынып оқушысы профессорды өлтірді деген күдікке ілінді

1 601

Фото: ашық дерек көзі11-сынып оқушысы профессорды соққыға жығып, өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


20 мамыр күні, Медициналық Академияның профессоры Бақыт Өтегенов ауруханада қайтыс болды. Ол ауыр халде №1 қалалық ауруханаға жеткізілген. Алайда профессор 5 күннен соң аурухана төсегінде көз жұмды.


Мәліметке сәйкес, профессорды 11-сынып оқушысы аяусыз соққыға жыққан.


Жедел жәрдем көлігімен ауыр халде ауруханаға жеткізілген пациентке жабық бас сүйек миының жарақаты диагнозы қойылып, дереу жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер оны аман алып қала алмады.


«Күдікті анықталды. Тиісті сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - деп мәлімдеді полиция.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.