Теміржол қызметкерін пойыз қағып кетті

1 529

Фото: ашық дерек көзіЖамбыл облысындағы Шу станциясы аумағында екі теміржол қызметкерін пойыз қағып кетті. Олар алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға 21 қаңтарда Шу-Шығанақ пен Жиделі-Бірлік учаскесінің 1488 киллометр аралығында болған. Шу станциясы аумағында 4 қызметкер вагондардан түсіп қалған пойыз жабдықтарын іздеуге шыққан. Сол мезетте №71 пойыз екі қызметкерді қағып кеткен. Екі қызметкер де алған жарақаттарынан көз жұмған.


Желідегі деректерге сай, ер адамның бірі 62, екіншісі 57 жаста болған. Екеуі де теміржол қызметінде 20-30 жылға жуық қызмет атқарған. 

Оқиғаға байланысты Қазақстан темір жолы пікір білдірді. 

"Шығанақ-Шу учаскесінің маңында теміржол көлігінің екі қызметкері жазатайым оқиғаға ұшырады. Пойыз жүргізушісі тежегішті басқанымен апаттан құтыла алмады. Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы барды. Тергеу басталды", - деп хабарлады ҚТЖ.

Компания қызметкерлердің отбасыларына көңіл айтып, оларға қажет көмекті көрсететінін жеткізді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.