Астанада өрттен үш адамды құтқарған өрт сөндіруші комаға түсті

153

Астанада өрттен үш адамды құтқарған өрт сөндіруші комаға түсті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


AstanaTV-ның мәліметінше, оларды шұғыл ауруханаға жеткізген. Біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға кеше сағат 11-лер шамасында Бауыржан Момышұлы даңғылында болды. Үйдің ауласында тұрған автокөліктер өртті ауыздықтауға кедергі келтірген.

«Өрт орнынан 5 адам құтқарылды. Оның екеуі бала. 10 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 5 адам ауруханаға жеткізілді. Түтінге уланған бір бала жіберілді. Екі адам медициналық көмектен бас тартты. Екі өрт сөндіруші зардап шекті. Олардың  денесін күйік шалды. Қазір біреуі жансақтау бөлімінде, біреуі ауруханада жатыр», – деді Астана қаласының ТЖД өртке қарсы күрес қызметінің баспасөз хатшысы Аягөз Фазылова.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.