Ресейлік депутат өз облысының астығын экспорттау үшін Қазақстаннан компания ашты
158
Ресейлік депутат өз облысының астығын экспорттау үшін Қазақстаннан компания ашты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстан Республикасында тіркелген еншілес компания іске қосылды және белсенді жұмыс істеп жатыр. Ол халықаралық транзиттік тарифтің болуына байланысты біздің өңір үшін осы уақытқа дейін жабық болған Орта Азия нарықтарына дәнді дақылдарды сатумен және сатып алумен айналысады", - деді Колташов жаңа жоба туралы.
Басылым кәсіпкердің элеваторлар мен астық қабылдау кәсіпорнына иелік ететіндігін атап өтті. Сондай-ақ, Колташов – Қорған облыстық думасының депутаты.
Компания кеңсесі Петропавлда ашылған, өйткені бұл – Қорған қаласына ең жақын орналасқан қала.
"Қойма және элеваторлар толып кетті, қазіргі уақытта қолданыстағы өткізу нарықтары дақылдарды жедел жөнелтуді қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан Қорған шаруалары егінді сақтауда қиындықтарға тап болмас үшін жаңа бағыт ашуға тура келді", - дейді Колташов.