Заңды бұзған ауыл әкімдері мен мемлекет қызметкерлері жауапқа тартылды

1 114

Жетісу облысында заңды бұзған 74 шенеунік жауапқа тартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Биылдың өзінде прокурорлар 3 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алуларды тоқтатты.


Заң бұзған 74 лауазымды адамды жауапқа тартылды.


"Мемлекеттік органдар негізінен әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарын негізсіз асыра бағалаған. Міндетті мемлекеттік сараптамасыз автожолдар салуға конкурстар жариялаған", - дейді прокуратура.


Сондай-ақ 85 млн теңгеге сатып алулардың алдын алған, өйткені мемлекеттік органдар "бір көзден алу" тәсілімен негізсіз қорытынды жасамақ болған.


"Тек бір Алакөл ауданында прокуратураның қадағалау актілері бойынша 10 лауазымды маман жауапқа тартылды, оның ішінде 4 ауылдық округтің әкімдері бар", - дейді облыстық прокуратура.


Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың 74 лауазымды тұлғасына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 207-бабы "Мемлекеттік сатып алуды бұзу" бойынша жалпы сомасы 13 млн теңге айыппұл салынған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.