Қызылордалық полицейлер есірткі қылмысы бойынша күдіктіні ұстады

1 212

Фото: dzen.ruҚызылорда полицейлері есірткі қылмысы бойынша күдікті деп танылып, төрт жыл бойы тергеуден бой тасалап жүрген адамды Алматы қаласында ұстады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл бағытта Қызылорда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері іздестіру шарасын жүргізді.

«Нәтижесінде есірткі қылмысын жасады деген күдікке ілініп, 2020 жылдан бері іздеуде жүрген қала тұрғынын қолға түсті. Жедел уәкілдер 42 жастағы күдіктіні Алматы қаласында жалдамалы пәтерде ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.