Жасөспірімдерді 12 жастан қылмыстық жауапқа тарту ұсынылды
Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов кәмелет жасына толмағандар үшін қылмыстық жауапкершілікті 14-тен 12 жасқа дейін төмендетуді ұсынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Депутат өз сауалында Ұлыбританияны мысалға келтіріп, аталған елде кәмелетке толмағандарға қылмыстық жауапкершілік жасының қайта қаралғанын айтты. Оның айтуынша, балалардың қоғамға бейімделу процесі мектептен басталады. Осы орайда өскелең ұрпақтың деструктивті мінез-құлқының алдын алуда ұстаздардың ықпалы зор.
Оның пайымдауынша, бұл мәселеде халықаралық тәжірибеге жүгінген жөн.
Сондай-ақ, халық қалаулысы кәмелетке толмағандарға құқықтық тәрбие берудің арнайы әдісін енгізуді және ол туралы балалар мен жасөспірімдерді кеңінен хабардар етуді алға тартты.
Депутат жасөспірімнің криминогендік мінез-құлқының қалыптасуына моральдық, құқықтық және басқа да әлеуметтік формалардың бірыңғай жүйесінің болмауы әсер етеді. Одан бөлек, М.Магеррамовтың мәлімдеуінше, қоғамда болып жатқан оқиғалар, әскердегі өлім, буллинг, әлімжеттік басқа да зорлық-зомбылық жасөспірімнің психикасы мен іс-әрекетіне тікелей ықпалы бар.