Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаштың соты басталды

1 438

Фото:pixabay.comАстананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды. Ол жұбайын соққыға жықты деген айыппен сотқа тартылып отыр,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

2023 жылғы мамырда "НеМолчи.kz" қоғамдық қоры өз парақшасында Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың жұбайын жүйелі түрде ұрып-соғатыны туралы ақпарат жариялаған болатын. Бұл мәлімдемеден кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оқиғаға қатысты ресми жауап беріп, дипломаттың елге шұғыл түрде қайтарылуына шешім қабылдағанын хабарлады.

Зорлық-зомбылық туралы мәлімдеген дипломаттың жұбайы да БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді. Алайда әуежайда оны күйеуінің туыстары қарсы алғаны белгілі болды.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.