Әйел туысының баласын 3-қабаттан лақтырып жіберді

1 589

Шымкентте 40 жастағы әйел бүлдіршінді 3-қабатта орналасқан пәтер терезесінен лақтырып жіберген. Деректерге сай қазір баланың жағдайы ауыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға кешкі сағат тоғыздар шамасында Иляев көшесіндегі бір үйде болған. Көршілер мен куәгерлер дәрігерлерге сәбиді терезеден лақтырған әйел оның туысы екенін айтып берген. 40 жастағы әйел психикалық денсаулық орталығында есепте тұратындығы белгілі болды.

Оқиғадан кейін әйелдің психиатриялық ауруханаға жеткізілген.

Жантүршігерлік әрекетке не себеп болғаны және ата-анасының неліктен баласын психикалық аурумен ауыратын туысқанына қалдырғаны әлі күнге дейін белгісіз. Қазір полицейлер мән-жайды анықтау үстінде.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.