Бейжіңде коронавирустың күрт көбеюіне байланысты шектеулер күшейді

267
ҚХР билігі коронавируспен күресу мақсатында Бейжіңде шектеу шараларын күшейтіп жатыр, - деп хабарлайды Reuters

Карантиннің жаңа талаптарына сәйкес, Бейжіңге кіретін барлық адам енді 72 сағаттың ішінде тест тапсыруы керек. Одан бөлек, жергілікті билік қауіп тобындағы адамдарға ішінара тест жүргізеді. 

Сарапшылар Бейжіңде коронавирус дерегі күрт көбейсе жергілікті билік қала бойынша тест жүргізуі мүмкін екенін айтады. 

Сонымен қатар, жергілікті билік Чаоян ауданындағы оқушыларды қашықтан оқуға жіберген. Оффлайн режимде емтиханға дайындалып жатқан орта және жоғары сынып оқушылары ғана оқиды.  


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.