Нұр-Сұлтанда LRT құрылысы бюджет қаржысы есебінен аяқталады: Жеке инвесторлар жобаны қолдаудан бас тартты

110

Нұр-Сұлтан әкімі LRT құрылысына қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: Астана әкімдігі

Алтай Көлгіновтің сөзінше, құрылыс жұмыстары бюджет қаржысы есебінен аяқталады. Өйткені жеке инвесторлар жобаны қолдамаған.


"20 миллиард теңге болатын алғашқы транш бөлінген, бұдан бөлек, құрылысқа тағы 577 миллион доллар қажет. Құрылысты қытайлық консорциум аяқтайды. Енді кері қайта алмаймыз, сондықтан құрылысты соңына дейін жеткізу керек", – деді Көлгінов


Қала басшысы LRT күтіміне жыл сайын 4 миллиард теңгенің қажет екенін айтты.

"Алдын ала есеп бойынша, қызмет көрсету үшін жыл сайын 4 миллиард теңге керек. Жол жүру ақысы да субсидияланады, автобустағы жол жүру ақысынан сәл қымбат. Бұл – болашақтың жобасы, тиімсіз, бірақ бізге жол трафигін жеңілдету қажет", – деп қосты ол

Егер тоқтаусыз қаржыландырылса, қытайлық компания LRT құрылысын 2 жылда аяқтауға уәде берді.

 
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов LRT жүйесі қанш
алықты қауіпсіз деген сұраққа жауап берген еді. Өз сөзінде ол LRT бағандарының сараптамадан өткен күрделі инженериялық құрылыс екенін мәлімдеген.