Нұр-Сұлтанда LRT құрылысы бюджет қаржысы есебінен аяқталады: Жеке инвесторлар жобаны қолдаудан бас тартты
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Нұр-Сұлтан әкімі LRT құрылысына қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Алтай Көлгіновтің сөзінше, құрылыс жұмыстары бюджет қаржысы есебінен аяқталады. Өйткені жеке инвесторлар жобаны қолдамаған.
"20 миллиард теңге болатын алғашқы транш бөлінген, бұдан бөлек, құрылысқа тағы 577 миллион доллар қажет. Құрылысты қытайлық консорциум аяқтайды. Енді кері қайта алмаймыз, сондықтан құрылысты соңына дейін жеткізу керек", – деді Көлгінов.
Қала басшысы LRT күтіміне жыл сайын 4 миллиард теңгенің қажет екенін айтты.
Егер тоқтаусыз қаржыландырылса, қытайлық компания LRT құрылысын 2 жылда аяқтауға уәде берді.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов LRT жүйесі қаншалықты қауіпсіз деген сұраққа жауап берген еді. Өз сөзінде ол LRT бағандарының сараптамадан өткен күрделі инженериялық құрылыс екенін мәлімдеген.
Қаз
Рус







