Үйінді астынан 7 жұмысшының денесі табылды
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ға тиесілі кен орнында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында жетінші қызметкердің денесі табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
17 ақпанда Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Жомарт» кен орнында тау жынысы опырылып түсті. Салдарынан жеті адам үйінді астында қалды.
Қайтыс болған кеншілердің тізімі:
Қайрат Аманбекұлы Ақшалов, 1975 жылы туған, сорғы қондырғыларының машинисі;
Ардақ Боранбайұлы Жақұбаев, 1998 жылы туған, жер асты учаскесінің тау-кен шебері;
Бақытбек Нышанұлы Жұмаділлаев, 1975 жылы туған, жер асты кен жұмысшысы;
Орынбек Әмірханұлы Кенжебеков, 1991 жылы туған, тиеу-тасымалдау машинасының машинисі;
Ғалымжан Есенбекұлы Молдабеков, 1978 жылы туған, шпур бұрғылаушының көмекшісі;
Олжас Жағалбайұлы Нұрұлдаев, 1979 жылы туған, жер асты учаскесінің энергетигі;
Константин Владимирович Рожков, 1992 жылы туған, жер асты тау-кен қазу жабдықтарының электрослесарь-монтаждаушысы.