БҚО-да әйел жиһаз ұтысы арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырған

180

Фото: elements.envato.comБатыс Қазақстан облысында "Нұр жиһаз" онлайн жобасы арқылы 153 азаматты алдап кеткен әйел сотталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ке сілтеме жасап.


Қаржы пирамидасын ұйымдастырған әйел жеке тұлғалардан қаржы тарта отырып, жиһаз ұтысын өткізген. Ал қатысушыларға жаңа салымшыларды тарту талабы қойылған. 


"Тергеу барысында 7,5 млн теңгеден аса мүліктік залал келтірілген 153 азамат анықталды. Сот істі талқылап, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматшаны кінәлі деп танып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады", делінген хабарламада. 


Сонымен қатар ол қаржылық және коммерциялық ұйымдарды басшылық лауазымдарды 7 жыл атқара алмайды. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.