Ақсу қаласының тұрғыны үш жасөспірім баласын аш күйде бір күн бойына үйінде қамап кетті

401
Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны үш жасөспірім баласын аш күйде бір күн бойына үйде қалдырып 
кеткен,- деп мәлімдейді «Opennews.kz» ақпараттық агенттігі Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шамамен 18:50 шамасында Ақсу қаласындағы функционалды емес отбасылардың бірін тексеру кезінде полиция қорғаншылық және атқарушы органдармен бірге пәтерлердің біріне кіре алмаған. Онда 2013, 2016 және 2021 жылы туылған балалар болған. Полицейдің қойған сауалына есіктің арғы жағынан балалардың үлкені жауап берген. Ол анасының таңертең кетіп, есікті сыртынан жауып кеткенін айтқан.
Ұзақ тексеру жұмыстарынан кейін де әйелдің қайда екенін анықтау мүмкін болмады. Полиция Төтенше жағдай қызметкерлерін шақырып, есікті бұзып кіруге мәжбүр болды.
Кішісі екі айлық болған балалар пәтерде ешкімнің қарауынсыз жалғыз болғаны белгілі болды.
Балалар аш күйде болып, заттар әр жерде шашылып жатты, ал тоңазытқышта алкогольдік ішімдіктен басқа азық-түлік жоқ болып шықты.
 Полицияның хабарлауынша, екі айлық қызды сегіз жасар ағасы пакеттегі сүтпен тамақтандырған.
Көршілердің айтуы бойынша, бұл отбасындағы ересектер кішкентай балаларды көп жағдайда үйде жалғыз қалдырады екен.
Полиция қызметкерлері мен қорғаншылық органдары балаларды отбасынан алып кетуге шешім қабылдайды. Олар қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына орналастырылған.
Балалардың анасы өз серігімен үйіне тек 23:00-дер шамасында ғана оралған. Сұрақ алу барысында оның ақша табу үшін Павлодар қаласына барғаны анықталды.
Айта кетейік, балалардың анасы мен оның серігі бұған дейін сотталған және ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Қазіргі таңда жауапсыз ана әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 127-бабының 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылған. Іс материалдары сотқа жіберілді.
Бұл бап бойынша 15 АЕК (43 755 теңге) немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу қарастырылған.
Сондай-ақ, Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соты ананы ата-ана құқығынан айыру туралы талап арызды дайындауда. Балалардың алдағы тағдырын сот шешетін болады.