Ақтаудағы 15 миллион теңгенің "Гүл алаңы" балаларға арналған төбешікке айналды

594
Былтыр күзден бері дауға айналған Ақтаудағы "Гүл алаңы" инсталляциясы қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін қызғалдақтарсыз қалып, балалар ойнайтын төбешікке айналды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Нұрланов компания өкілдері әлеуметтік желілерден балалар "гүл алаңында" сырғанап жүрген видеоны көргенін айтты.

"Өкінішке қарай, бұған ештеңе істей алмаймыз. Уақыты келген кезде механик жүріп, алаңды түзетеді. Бір ескерту жасайды, орнына басқа балалар келеді", - деді ол.

Сонымен қатар, компания менеджері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полицияға жүгінуге ниетті екенін айтты, өйткені нысан жол бойында орналасқан.

"Қаңтар оқиғаларынан кейін, өкінішке қарай, көп нәрсе бүлініп, кей жерлерде өртелді. Қазір әкімдіктің "Гүл алаңына" байланысты шешімін күтіп отырмыз", - деп толықтырды Нұрланов.