Қызылордада көпірден секірген ер адам қайтыс болды

343
Қызылордада көпірден секірген ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Оқиға 17 желтоқсанда сағат 00:00 шамасында болған. Сол уақытта облыс орталығында орналасқан сол жағалаудағы көпірден ер азаматтың секіріп, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендігі жөнінде хабарлама 102 арнасына түскен.

Аталған хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетті. Тексеру барысында азамат қайтыс болғандығы анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.