Ерекше икемі бар шаштаразшы туралы не білеміз?

583
Барбер маманы Меруерт Дәулетова адамның желке тұс шашына атақты тұлғалардың портретін  ойып салу арқылы көпті таңғалдырып жүр. Ерекше туындыларымен ел назарына іліккен шаштараз KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, бұл өнерге қалай қадам басқаны жайлы айтып берді деп хабарлайды «Opennews.kz»  ақпарат агенттігі.

Меруерт танымал тұлғалардың бейнесін келтіріп шаш қиюды 2018 жылы бастаған. Алайда ол кезде ел назарына іліге қоймады. Шебер бойжеткен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай өлең оқып, ақын бейнесін келтіріп шаш қиған видеосы арқылы көпке таныла бастаған. 
Айта кетейік, Меруерттің туындылары қатарынан Абайдан өзге Әлихан Бөкейханов, Роза Бағланова, Димаш Құдайбергенов, Максим Ержан сынды танымал тұлғалармен бірге тіпті президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің портретін  табуға  болады.