«FlyArystan» кішкентай қызды ұшаққа мінгезібей қойғаны үшін анасына 4 млн теңге ұсынған

1 720

фото пресс-службы авиакомпании«FlyArystan» 4 млн теңгемен кінәсін жуып-шаймақ. Әуе компаниясы кішкентай қызды ұшаққа мінгезібей қойғаны үшін баланың анасына ақша ұсынған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Маған «FlyArystan» әуе компаниясы хабарласып, келісімге келуді сұрады. Олар 4 млн теңге моральдық шығын төлейтінін айтты. Әуе компаниясының басшылығы менімен жеке кездесіп, кешірім сұрағысы келеді. Бірақ мен бас тарттым. Сотта кездесетінімізді айттым», - деп жазды баланың анасы Жазира Мусина.


Еске салайық, Қазақстандағы ірі әуе тасымалдаушы компания FlyArystan ұшағы 12 жастағы жасөспірімді бортқа кіргізбей, Астана әуежайында қараусыз қалдырып кеткен. Баланың анасының айтуынша, қызы 3 сағат бойы жолаушыларды тіркеу орнының алдында жылап отырған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.