Ауыл әкімі көпбалалы ананың ішкиімін шешпек болған

1 475

Фото: Видеодан скринЖетісу облысы, Ақсу ауданынында 4 баланың анасы өзін түн ортасында келіп шошытқан әкімді сотқа берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Әйелдің сөзінше округ әкімі өз нөкерімен әйелдің үйіне кіріп, ұйықтап жатқан келіншекті шешіндіруге тырысқан.

«Мен түнде ұйықтап жаттым. бір кезде бүйірімнен біреу ұстап, ішкиімімді астыға қарай тартты. Қатты тартқаннан оянып кеттім. "Жаным" дедім. Оянып сол сәтте күйеуімнің Текеліге кеткені есіме түсті. Қарасам төбемде үлкен болып пысылдап Ильяс Райымқұлов тұр. Бірден атып тұрып басқа бөлмеге қарай қаштым. Сол кезде ол сыртқы есікті аша алмай тұрып қалды. Есікті ашсам кіреберістегі дәлізде әкіммен бірге әкімдікте істейтін адам тұр»,-дейді әйел.

Қазір ауыл әкімінің бұл әрекетін сот қарап жатыр. Әйелдің ашынатыны сот тек «өзгенің үйіне рұқсатсыз кіру» бабы бойынша қаралып жатыр екен.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.