Елімізде мемлекеттік қызметте жаңа лауазым пайда болуы мүмкін

442
Қазақстанда жаңа лауазым - "дата стюарт" енгізу ұсынылды.- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі  "Ашық НҚА" сайтына "Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы президент жарлығына толықтырулар жобасын жариялады.

"Жарлық жобасы бойынша, В, С, D санаттары тобын "дата-стюард" лауазымымен толықтыру бөлігінде саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымы тізіліміне толықтыру енгізіледі", - делінген жарлыққа өзгерістер жобасы құжатында.

Сонымен қатар жарлық жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.