Әйелін соққыға жыққан экс-әкім сотталды

1 603

Фото: Facebook/Ринат ИбрагимовАтырау облысында экс-әкім бұрынғы әйеліне зорлық-зомбылық көрсеткені үшін сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Атырау қаласының №2 соты Мақат ауданының экс-әкімі Ринат Ибрагимовтің әйелі Ақмарал Үмбетқалиеваға қатысты зорлық-зомбылық көрсету дерегіне қатысты қылмыстық істі қарады.


Бұған дейін Үмбетқалиева видеоүндеу жолдап, бұрынғы күйеуі 11 жыл бойы соққыға жыққанын, онымен қоса балаларын тартып алғанын айтты.


"2023 жылы 31 мамырда Атырау қаласында ерлі-зайыптылар арасында ұрыс-керіс болды. Жанжал барысында Ринат Ибрагимов әйелді жерге құлатып, жамбас тұсынан бірнеше рет тепкен. Салдарынан әйелдің 5-омыртқасы сынып, денсаулығына орташа ауыр дәрежеде зиян келтірілді", - делінген сот хабарламасында.


Сот Ибрагимовті кінәлі деп тауып, екі жылға бас бостандығынан айырды. Зардап шеккен әйелге 2 млн теңге көлемінде моральдық шығын төленді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.