Депутат бала басына 70 мың теңгеден жәрдемақы тағайындауды ұсынды
Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева елімізде әр балаға 70 мың теңге көлемінде жәрдемақы төлеуді ұсынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазақстан халық партиясының депутаттары атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) алып тастау керек деп санайды, өйткені оны алу процесі күрделі және үнемі халықты сенделтіп қояды. Олар бұл мәселеге қатысты өз уәждерін премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдаған сауалында баяндады.
"АӘК алу үшін жұмыс істемейтін көп балалы аналар жүздеген сынақтардан өтуі керек және әдетте олар мемлекеттік органдардың бюрократиясынан және қағазбастылығынан кейін қолдарын бір сілтейді. Ең дұрыс шешім - балалар жәрдемақысының мөлшерін көбейте отырып, АӘК-ны жою. Әр балаға оны асырауға жеткілікті, қажетті нақты көлемде бір реттік жәрдемақы төлеген дұрыс", - дейді депутат Гаухар Танашева.
Депутаттардың есебі бойынша, бұл жағдайда төрт балаға берілетін жәрдемақы 280 мың теңгені ал екі балаға шаққанда 140 мың теңгені құрайды. Ал бүгінгі күні төрт балаға төленетін жәрдемақы 55 340 теңгені немесе әр балаға айына 13 826 теңгені беріледі.
"Бұл әлеуметтік қолдау үшін өте аз сома. Инфляцияның ұдайы өсуін, экономикалық тұрақсыздықты, тұрғын үйдің, халықтың осы санатындағы тұрақты жұмысының жоқтығын ескере отырып, біз бір балаға ең төменгі жалақының бір мөлшерінде 70 мың теңге мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақыны қарастыруды ұсынамыз", - деп атап өткен Танашева.