"Ата-анам менің үйіме келуден бас тартты" – облыс әкімі

491

Павлодар облысының әкімі Екібастұз жылу электр станциясын жөндеу жұмыстары туралы айтып берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Асайын Байхановтың айтуынша, Екібастұз жылу электр станциясында екі қазандық жөндеуден өтті.


“Қалған 8 қазандықты жөндеуден өткізіп жатырмыз. Бүгінде барлық қажетті материал мен құрал-жабдық сатып алынды. Соның барлығын жеткізіп, орнатып жатыр", - деді әкіморталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.


Байхановтың айтуынша, жылу маусымы басталғанға дейін екі су жылытатын қазандықпен бір энергетикалық қазандықты дайындау қажет.


"Олар сөзсіз дайын болады. Ал қалған қазандықтар қазан айында, кейбірі қарашада іске қосылады. Қалай болса да, қалада жылу болады", - деп атап өтті әкім. 


Осы орайда журналистер облыс әкімінен дайындық жұмыстарын уақытында аяқтауға қаншалықты сенімді екенін сұрады. Байхановтың айтуынша, артқа шегінер жол жоқ.


"Менде басқа амал жоқ. Өткен қыстағы жағдайға жол беруге болмайды. Екібастұзда ата-анам тұрады, әпкем бар. Жалпы, 30-ға жуық туысым тұрады. Сондықтан былтыр төтенше жағдай кезінде үйлердегі температура туралы ақпаратты ЖЭС-тан емес, отбасымның чатынан біліп отырдым. Сол чатта да сөз естідім. Сол кезде олар Павлодарға менің жаныма барудан бас тартты. Көршілер басқаша түсініп қалады деді. Апат кезінде барлығы өз үйінде қалды", - дейді өңір басшысы.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.