Келесі жылы зейнетақы мен жәрдемақы өседі

1 430

Фото: pixabay.comАзаматтардың жасына және еңбек өтіліне қарай зейнетақы 8,5%-ға артады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ал базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің төменгі шегіне қарай өзгереді. Мәселен, ең төменгі зейнетақы – 95 131 теңге, ал ең жоғарғы зейнетақы көлемі – 213 046 теңге болады. 

2025 жылдан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасына төлейтін қаражаты 2,5 процентке ұлғаяды. Тиісінше, салық мөлшері де өседі.

Зейнет жасындағы қызметкерлер 1 және 2 топтағы мүгедектіктері бар азаматтар, әскери қызметкерлер және 1975 жылдың 1 қаңтарына дейін туған азаматтар салықтан босатылады.

Сонымен қатар арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды, баланың тууына байланысты бір жолғы және бала бір жарым жасқа толғанға дейін бала күтіміне тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақыларды, наградталған аналарға, көпбалалы отбасыларға төленетін мелекеттік жәрдемақыны төлеу кезінде 3692 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылатын болады. Яғни жәрдемақы 7%-ға өседі. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.