Қызылордада оқушылар қауіпсіздігі күшейтілді

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИБілім ұяларындағы дабыл батырмалары мен бейнебақылау жүйесі Орталық жедел басқару орталығына тікелей қосылған. Ал мектеп алдындағы жолдарға ақылды камералар орнатылып жатыр. Жаңа оқу жылына дайындық барысын полиция өкілдері тексерді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Қызылорда облысында мектеп оқушыларының қауіпсіздігі күшейтілді

Қызылорда облысында 320-дан астам мектеп бар. Барлық білім ұясы бейнебақылаумен жабдықталған. Камералар Жедел басқару орталығына тікелей қосылған. Мектептер дабыл батырмаларымен де жабдықталған. Полиция өкілдері олардың жұмысын тексерді. 

Нағашыбай Жалғасбаев, облыстық ПД бөлімінің бастығы: - Жедел ден қою топтары 15 минут көлемінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында келуі тиіс болса, бүгін осы Қызылорда облысындағы үшінші гимназия мектебін зерделеу бағытында тиісті деңгейде қызметкерлер талаптарға сәйкес келді. 

Жыл басынан бері өңірде 700-ге жуық жол апаты тіркелді. Салдарынан 266 бала жарақат алды. Қайғылы жағдай көбіне баланың жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтуінен болады. Соған байланысты мектеп маңайындағы жол белгілері жаңартылуда. 

Нұркен Бақтияров, облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары: - Қазіргі таңда 60 дана жол белгілері мен 29 жердің жасанды тегіс емес қондырғылары қайта қалпына келтірілсе, жаңадан 78 дана жол белгілері орнатылып, 110 жердегі жаяу жүргінші өткелдері үстіндегі таңбаларды жаңарту жұмыстары қазіргі таңда жүргізілуде.  

Нұрлан Жақыпбеков, тілші: - Өңірде 25 бейнебақылау камерасы құқықбұзушылықты жасанды интеллект арқылы анықтайды. Ақылды жүйенің көбі мектеп алдына қойылған. Алдағы уақытта жасанды зердеге негізделген өзге де қауіпсіздік жүйелері сынақтан өткізілмек, дейді мамандар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.