Генерал-майор Жайлаубектің өлер алдындағы хаты жарияланды (ФОТО)

746

Журналист Михаил Козачков генерал-майор Жайлаубек Халықұлының өлер алдында жазып кеткен хатын жариялады. Бұл туралы журналист телеграм арнасында хабарлады.


Марқұм генерал-майор Ж.Халықұлы өзінің өліміне қатысы бар адамдардың атын атап, хатқа түсірген. Атап айтқанда, өзінің өліміне Антикордың тергеушісі Төлеген Ербол мен арыз жазған Руслан Құсайыновты кінәлаған.

Таңғы сағат 7-лер шамасында қамауға алынған Ж.Халықұлын қарауыл инспекторы тапты. Мекеменің кезекші ауысымы дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қолданылған шараларға қарамастан, тергеудегі адамды аман алып қалу мүмкін болмады,- деп жазылған хатта.




Жайлаубек Халықұлы 2009 — 2016 жылдар аралығында Алматы және Ақмола облыстары Полиция департаменттерінде басшылық қызметте болған. Қазіргі таңда қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.