Тірі балапандарды жұмыртқа қабығымен бірге қоқысқа лақтырған

1 512

Фото:© Видеодан скриншотПетропавл тұрғыны құс фермасынан лақтырылған қалдықтардың ішінен жұмыртқаны жарып шыққан балапанды тапты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап. (Видео)

Ер адам балапандарды шағалалар жеп қоймас үшін оларды үйіне алып кеткен. Қазіргі уақытта ветеринарлық инспекторлар жұмыртқаларды, балапандарды және олардың қабықтарын қоқыс полигонына апарған адамдарды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мамандардың айтуынша, мұндай биологиялық қалдықтар арнайы белгіленген орындарға ғана тасталуы тиіс. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаға бірнеше жергілікті құс фермасының қатысы болуы мүмкін деген күдік бар. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, биологиялық қалдықтар міндетті түрде арнайы тәсілмен жойылуы керек. Атап айтқанда, олар арнайы өртеу пештерінде жойылады немесе жануарларға арналған қорымдарға жеткізіледі. Бұл талаптар санитарлық қауіпсіздікті сақтау және жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу үшін енгізілген.

"Ветеринария туралы" заңның 25-бабына сәйкес, жеке тұлғалар сатып алған кез келген жануарлар, бір күндік балапандар немесе сатып алған құстар туралы ветеринарлық қызметке хабарлауға міндетті. Хабарламау жағдайында әкімшілік жауапкершілік бар", – деді Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария бөлімінің басшысы Наталья Тараканова.