Түркістанда екі баланың анасы ауласында асылып қалған

192
Ақпаратты өңірдің Полиция департаменті растады деп хабарлады turkystan.kz

Оқиға 16 шілдеде болған.

«Келес аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем қызметінен өз үйінің ауласында асылып қайтыс болған әйел туралы ақпарат келіп түсті. Хабарламаны алғаннан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды», – деп хабарлады департаменттен.

Қазір бұл факті «өзін-өзі өлтіруге жеткізу» бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлері денесін тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілерін таппады. Әйелдің артында екі баласы қалған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.