Автобустарда жәшік көтеріп жүретін балалар 3 қорға 340 млн теңге жинап берген

2 350

Фото: zakon.kzАстананың прокуратурасы арнайы рейд кезінде қоғамдық орын, автобус пен саябақтарды аралап, жәшікке ақша жинап жүретін 8 баланы анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Рейд кезінде кәмелет жасына толмаған 8 жасөспірім анықталды. Жас аралығы – 15-17 жас. Олармен еш шарт жасаспаған үш қайырымдылық қоры оларды ерікті ретінде жұмысқа тартқан. Бұл Әкімшілік құқық бұзу фактілері туралы кодекстің 86-бабының 3-бөлігін бұзады», - деп хабарлайды прокуратура.

Ең сорақысы, осы үш қор «қайырымдылық» деген жалаумен 340 млн теңге жинап алған, бірақ, ақшаны басқа мақсаттарға қолданған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.