Қостанайда жолдарды жөндеу кезінде 27 млн теңгеден астам қаржы жымқырылған

412
Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай қаласында жолдарды қайта жөндеу кезінде 27 млн астам теңгені жымқыру дерегін анықтады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу мәліметтері бойынша, мердігер «Galara» ЖШС мен Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арасында 612 миллион теңгеден астам сомаға Қостанай қаласының Набережная көшесін қайта жөндеу ша
рты жасалған.

«Galara» ЖШС Бас директоры ТКШ бөлімі инспекторының көмегімен іс жүзінде көрсетілмеген (құм-қиыршық тас қоспасынан, ұсақ тастан жасалған негіздердің төсейтін және тегістейтін қабаттарын орнату бойынша) қосымша қызметтер бойынша орындалған жұмыстардың жалған актісін ұсынды.

«Жалған акт негізінде ЖШС есепшотына 27 миллионнан астам теңге негізсіз аударылды. Кәсіпорын директоры мен бөлім қызметкері 5 жылға бас бостандығынан айырылды»,-делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.