Қазақстан мұсылмандары одағы басшысының әйелі күйеуін соққыға жыққанын айтып, видео жариялады

262

Қазақстан мұсылмандары одағының басшысы Мұрат Телібековтің әйелі күйеуінің оны 10 жасар баласының көзінше ұрып-соққанын айтты. Бұл туралы желіде Телібековтің әйелі Екатерина Чеканованың видео үндеуі жарияланды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.
Фото: видеодан скриншот

Фото: azattyq


Екатерина Чеканованың айтуынша, бірнеше жылдан бері ерлі-зайыптылар арасында ұрыс-керіс болып, арты жанжалға ұласқан. Бір күн бұрын олардың арасында қатты ұрыс шығып, Телібеков әйелін баланың көзінше ұрып-соққан. Мұсылмандар одағы президентінің әйелі досына телефон соғып, баланы біраз уақытқа келіп алып кетуді өтінгенін айтты. Алайда олар келгенде күйеуі оларға да шабуыл жасапты.


Телібековтің өзі әлеуметтік желіде жазба жазып, керісінше әйелінің досын өзіне шабуыл жасады деп айыптаған. Ол белгісіз біреулер оның үйіне басып кіріп, ірі көлемдегі ақшаны ұрлап, 10 жасар қызын ұрламақ болғанын айтады.

"Бұзақылар баланың көзінше оның әкесін ұрып-соғып, балағаттап, қорлаған. Бойжеткен ауыр психологиялық жарақат алды", - деп жазды ол.


Ал Екатерина Чеканованың құрбысы Ким Елена Екатеринаның видеосын жариялап, Телібековтің жалған ақпарат таратып, жала жауып отырғанын айтады.

13 тамызда ол оны өлтіре жаздады! Чеканова Екатерина (әйелі) сол күні кешке маған телефон соғып, көмек сұрап, күйеуі Телібеков Мұраттың ұрып-соққанын айтты. Мен ол кезде отбасыммен мейрамханада болдым. Жақын досымның өмірінен қорқып, оның нөміріне қайта қоңырау шала бастадым, бірақ ол кезде жауап бермеді. Мен оның қайда тұратынын біліп, анаммен бірге олардың үйіне бардым”,- деп жазды құрбысы.


Сондай-ақ, Еленаның айтуынша, ол Екатеринаның үйіне барғанда терезеден айқайлаған. Үйіне кіріп құрбысын құтқармақ болғанда Мұрат оларды да ұрыпты.

Ол менің ішімнен ұрып, анамды бірнеше рет ұрды. Енді мына Телібеков Мұрат өзінің фейсбук парақшасына жала жауып, видео жариялап жатыр. Сол  жерде әйелін залым күйеуінен қорғау үшін біз онымен төбелесіп қалдық. Ол мені және анамды оның пәтеріне заңсыз кіріп, ұрып-соғып, ірі көлемдегі ақшаны ұрлады деп айыптайды. Оның қызын ұрлап, үйінде ұстағанымызды, оған психотроптық заттарды толтырғанымызды айтып жала жабуда. Мен жүктіліктің 8-ші аптасындасын. Ол жалған айып тағып жатқандықтан, мен үнемі стресстемін”, деп жазған Елена.