«Қазақстан Темір жолы» АҚ филиалының директоры жемқорлықпен қамалды
294
«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ филиалының директоры Елеубай Сапаров кәсіпкердің 1 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын заңсыз иемденді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы "Атамекен ҰКП" филиалының алаңында кәсіпкерлермен кездесу барысында Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин мәлімдеді.
Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) күдіктінің қандай баппен және қашан ұсталғаны туралы хабарламайды. Бірақ Е.Сапаровтың алаяқтық жасағанын және 22 қыркүйекте Атырау қалалық тергеу соты оған қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасын таңдағанын айтады. ҚР ҚПК-нің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді.
Сондай-ақ, ол кәсіпкерлерден түскен барлық мәселе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға негіз болатынын атап өтті.

Бізде ҚТЖ қызметінде бірқатар проблемалар бар. Көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Мәселен, «ҚазТемірТранс» филиалының диспетчерлері мен басшыларының өтінімді қарауы және «Жүк тасымалдары» ҚТЖ филиалына өтінімді жолдауы сияқты маңызды кезеңдер ККЖ АБЖ-да («ҚТЖ» ҰК» АҚ қазақстандық ұлттық тасымалдаушысының келісімшарттық және коммерциялық жұмысын автоматтандырылған басқару жүйесі – А.С. ескертпесі) автоматтандырылмағандығы анықталды.
ҚТЖ тауар кассасы кәсіпкердің өтінімін алғаннан кейін «ҚазТемірТранс» диспетчеріне өтінімнің бар екендігі туралы ККЖ АБЖ арқылы емес, электрондық пошта арқылы хабарлайды. Әрі қарай вагондарды кімге тез беру керек, ал кімге бермеу керектігі - келісу және мәселені шешу жүргізіледі. Кәсіпкерлер бір уақытта өтініш беріп, вагондарды әр түрлі уақытта, біреулері бір күн ішінде, біреулері бірнеше күннен кейін алған фактілер бар, - дейді Жахин.