Қызылорда облысының әкімі 250-ге жуық тұрғынның жеке мәселесін тыңдады
247
Кеше «Достық» үйінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Президент Жарлығы аясында құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге жеке қабылдауға жазылған қала тұрғындарының арыз-шағымдарын тыңдады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде БАҚ-та және әлеуметтік желілерде хабарландыру беріліп, жеке қабылдауға 250-ге жуық азамат келді. Оның ішінде аймақ басшысына келген 80-ге жуық тұрғын 100-ге тарта мәселесін жеткізді. Жеке сауалдардың басым бөлігі тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу немесе қаржылай көмек сұрау және бала денсаулығына қатысты ем алуға көмектесу бағытында болды.
Облыс әкімі мен құқық қорғау орган басшылары келген азаматтардың мәселелерін жан-жақты қарап, заң аясында тиісті түсіндірме жасады.
Жеке қабылдауға келген мүгедектігі бар азаматша көптеген жылдар бойы жалдамалы пәтерде тұрғандықтан, үкіметтен алған қаражаты пәтерақыдан артылмайтынын алға тартып, баспана алуға жәрдем сұрады.
Облыс әкімі тұрғын үй тек заң аясында кезектілік тәртібімен берілетінін түсіндіріп, қала әкіміне көмек сұрап келген әйелдің тұрмыстық жағдайын зерттеп, оған уақытша баспана беру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Аймақ басшысына бір топ тұрғындар үйлеріне күрделі жөндеу жасаған компанияның жұмысты сапасыз жүргізгеніне шағымданды. Облыс әкімі мәселені зерттеп, мердігердің жауапкершілігін қарауды тапсырды.
Айта кетейік, биыл облыс әкімі 27 жеке қабылдау өткізіп, 600-ге жуық тұрғындарды қабылдап, өзекті мәселелерін қарады.